- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған ақпарат
“Жол бойында жолбарыс жүр“: жалған ақпарат таратқан әйел айыппұл арқалады
Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғындарын жол бойында жүрген жолбарыстың видеосы алаңдатты. Алайда бұл жалған ақпарат екені анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзып, жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.
"Жалған ақпарат тарату әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Азаматтарды өз жарияланымдарында жауапкершілікпен қарауға және оны таратпас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырамыз!" - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі ұсталғаны белгілі болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек