Павлодарда жолаушылары жол бойында билеген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерді тексеру барысында Lada көлігінің жүргізушісі бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық жасаған видео анықталған.
"Павлодар қаласында Назарбаев-Толстой көшелерінің қиылысында жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Құжаттарды тексеру барысында оның көлік жүргізуге құқығы жоқ екені анықталды, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көлік жүргізуге қайта рөлге отырған. Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге екі әкімшілік материал толтырылып, 137 620 теңге көлемінде айыппұл салынды", – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова