- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жол бермеген". Ақтөбеде...
"Жол бермеген". Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып кетті
Ақтөбеде Toyota автокөлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласынан шығу кезінде тұрғын аумақта велосипедпен жүрген балаға жол бермей, оны қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан бірінші сынып оқушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
"Көлік жүргізушілері ауладан шығу кезінде қасынан велосипедшінің өтетініне дайын болуы керек. Велосипедші жаяу жүргіншіге қарағанда жылдамырақ, өйткені ол шамамен 20-30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Әсіресе іргелес тұрған үйлердің арасы немесе арка арқылы шығу кезінде жүргізушіге барынша мұқият болу қажет. Себебі мұндай жағдайларда велосипедшіні алдын ала байқау мүмкіндігі өте аз, дәлірек айтқанда, тіпті нөлге тең", – деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина