Жол бергені үшін “рақмет“ айтса, жүргізушіге айыппұл салына ма?

Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде жолда авариялық жарық сигналын аз уақытқа жаққаны үшін жүргізушіге айыппұл салынғаны туралы видео тарады. Бұл әрекет жүргізушілер арасында "рақмет" ретінде кең тараған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тарап кеткен видеода ер адамға жолда авариялық жарық сигналын қосқаны үшін айыппұл салынғаны айтылады. Кадрларда әйел адам ер адамға авариялық сигналды "рақмет" айту үшін жағуға болмайтынын түсіндіреді. Оның сөзінше, жол қозғалысы ережелерінде тек жеті жағдайда ғана авариялық жарықты қосуға рұқсат етілген.

Кейін видеода жолдағы жағдай көрсетілген: ер адам көліктің алдын қиып өтіп, көршілес жолаққа ауысады да, оны жіберген жүргізушіге "рақмет" ретінде авариялық жарық сигналын бірнеше секундқа қосады.

"Мен бұрылуға синал жақтым, ол мені жіберді. Мен жолдан өттім де, "рақмет" айттым. Енді сол үшін маған айыппұл салынды", - дейді видеода ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Видео қоғамда дау тудырып, халық тарапынан наразылық айтылды. Себебі авариялық жарықты "рақмет" ретінде жағу жүргізушілер арасында кең тараған.

Алматы полиция департаменті мәліметінше, ер адамға айыппұл "рақмет" деп белгі бергені үшін салынбаған.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Көлік жүргізушісі апат жағдайын туғызғаны туралы жазбаша шағымнан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция инспекторы хаттаманы ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігіне сәйкес толтырды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан жол апаты жағдайын туғызды дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда басқа көлік жүргізушілері жылдамдықты немесе қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүр болады. Бұл бап бойынша айыппұл көлемі - 10 АЕК, яғни 39 320 теңге.

Демек желіде тарап кеткен ақпарат - жалған ақпарат.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget