“Жол белгілерін қоямыз деп миллиондаған ақша жеген“: сот үкімі шықты

“Жол белгілерін қоямыз деп миллиондаған ақша жеген“: сот үкімі шықты
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Ақтөбе қаласының №2 соты "Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры А.Тілмағамбетовке үкім шығарды. Ол жеке кәсіпкер А.Құсымовпен келісе отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және жол белгілерін қою бойынша орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 35 млн теңге иемденгені анықталған.

Оған қоса заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған. 

Сот шешімі

  • Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.
  • Сол үкіммен оның сыбайласы Құсымов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget