Жол апатынан төрт адам қаза тапты, оның екеуі – бала

Жол апатынан төрт адам қаза тапты, оның екеуі – бала
Фото: Көрнекі сурет

Торғай-Арқалық тасжолында жеңіл көлік пен Газель автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде 4 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, жол үстінде Газель автокөлігін басып озбақ болған Lexus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Lexus көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы 1 адам ауруханада көз жұмған. Жол апатынан қаза тапқандардың екеуі – бала.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева