Шымкенттегі "Жүрек" орталығының дәрігерлері жүрек трансплантациясын сәтті жасап шықты. Нәтижесінде жол апатынан қайтыс болған жас жігіттің жүрегі 58 жастағы науқасқа салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасы операциядан кейін науқас реанимация бөлімшесіне ауыстырылғанын хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, жүрегі алмастырылған пациент есін жиып, жағдайы жақсарған.
Мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте осымен екінші рет жасалды. Бұл жолы орталық мамандары ағза алмастыру операциясын өздері жасаған.
Айта кетейік, мұндай жоғары технологиялық операциялар мемлекет тарапынан тегін жасалады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!