Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Жол апатынан бір үйдің 5 адамы жарақат алды

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, салдарынан ерлі-зайыпты мен үш баласы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оқиға Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылы маңында болған.

Мercedes AMG автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Мercedes AMG автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 жылы туған) түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Г. Досымшалова