"Жол апатына түстім". Алмас Кішкенбаев өміріндегі қауіпті түсірілім туралы айтты

"Жол апатына түстім". Алмас Кішкенбаев өміріндегі қауіпті түсірілім туралы айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Алмас Кішкенбаев SALTANAT LIVE youtube-арнасына берген сұхбатында өміріндегі қауіпті түсірілім туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, түсірілімде сарбаздық тапсырмаларды орындау қиынға түскен.

"Қапшағайда "Хабар" арнасының бір бағдарламасын түсіру үшін осында бір аптадай қондық. Көктемнің кезі болатын. Қиын түсірілім болды. Сол түсірілімге шығар кезде жол апатына түстім. Жер қазу керек, мен күрек ұстамаған адаммын ғой. Күрек ұстайтындай уақытым да болмады. Түсірілімде сарбаздық тапсырмалар берді. Соның бәрі қиынға түсті",  - деді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы