Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов елімізде салынып жатқан жолдардың сапасын жіті бақылау қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің ресми дерегіне сүйенсек, 2025 жылы республика жолдарында 32 мыңнан аса жол апаты тіркелген.
"Өңірлердегі нақты жағдайды сараптай келе, жол саласы жүйелі мәселелерден әлі де арыла алмай отырғанын атап өтуге мәжбүрміз. Кейбір республикалық маңызы бар бағыттарда жолдардың тарлығы, қарсы бағыттағы көліктердің бетпе-бет қозғалысы, қозғалыс қарқыны шамадан тыс жоғары болуы, жол инфрақұрылымының заманауи талаптарға сай келмеуі жол апаты жиілеуіне тікелей себеп болып отыр", - деді ол.
Депутаттың сөзінше, полиция қызметкерлері 14 миллионнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтаған.
"Оның ішінде жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану басым. Сонымен қатар, полиция 41 мыңнан аса жол тексерісін жүргізіп, 90 мыңға жуық кемшілік анықтаған. Жол жамылғысын тиісті деңгейде жөндеп ұстамағаны үшін 7,4 мың лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылған. Бұл деректер жол сапасына мемлекеттік бақылау жеткіліксіз екенін, ал кей жағдайларда мердігерлер мен жауапты органдардың формалды жауапкершілікпен шектеліп отырғанын көрсетеді", - деді ол.
Жанарбек Әшімжанов Үкіметтен мына шараларды жедел түрде қолға алуды сұрады:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!