"Жол ақысына береді". Әнші Серік Ибрагимов ақшаны әйелі ұстайтынын ашып айтты

Әнші Серік Ибрагимов тапқан қаржысын өзі ұстамайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желіде банк картасында қанша сома бар екенін көрсеткен әнші тапқан қаржысының көп бөлігін келіншегі ұстайтынын айтқан. 

"Жасыратыны жоқ, табысымды әйелім ұстайды. Сол кісі ақшаға жауап береді. Қажет кезде сұрап аламын. Шыны керек, әйелімде ақша менен көп. Бүгін "Жолақыңа, керек-жарағыңа" деп 500 мың теңге берді. "Ақшаны жүрекке байламау керек". Орнымен жұмсаса, жақсы. Орынсыз жұмсалған ақша адамды бұзады. Ақшаң болса, көңілің тыныш. 1000 теңге тапсаң да, берекесімен келгені дұрыс", - деді Серік Ибрагимов. 

@aqolek_tiktok

Келеси кимнин Каспийн караймыз?

♬ оригинальный звук - aqolek

Серік Ибрагимов видеода банк картасында 507 мың теңгесі барын көрсеткен. Ал Желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір жазған.

"Проездға 507 мың берді ме?", "Байларды түсінбейміз", - деп жазды олар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!