Белгілі актриса Дариға Бадықова әкесінің өлімі және жаңа киносы туралы "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса әкесінің өлімі қатты әсер еткенін айтты.
"Әкемді қатты сағынамын. Басына бармай кеттім. Оның жанымда болмағаны, жоқтығы қатты білінеді. Әкемнің өлімі қатты ауыр тиді. Өлімін күтпедім, жүрегі бірден тоқтап қалды. Ақ өліммен кетті. Құдай жанын қинамай алды. Бір күнде маған ет саламын деп отырып, қайтыс болып кетті. Көбіне жалғыз жүретін себебім сол, әкем есіме түседі", - деді ол.
Оның айтуынша, жақында жарыққа шығатын киносын әкесі мен ұстазына арнап түсірген.
"Әкеме және ұстазыма арнап, "Таптым-ау сені" деген кинотуынды түсірдім. 1 желтоқсанда, туған күнімде үлкен экранға жол тартады. Осы екі кісі мен үшін өмірімдегі басты кісілер. Екеуі де қызмет етуді үйретті.
Жалпы кино түсіру идеясы Таиландта жүргенде келді. Мұнда мен мүлде басқа образдамын. Фильмге 108 миилион теңге қаражат жұмсадым", - деді актриса.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова жол апатынан кейінгі жағдайын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Үйлену тойына арналған тілектер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!