“Жоқ“ дегенге көнбеген: Шымкентте тағы бір сталкинг дерегі анықталды

Шымкентте тағы бір сталкинг дерегі анықталды. Ішкі істер министрлігі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл оқиға қарапайым таныстықтан басталған. Олар екі айға жуық қарым-қатынаста болып, жігіт қыздың ата-анасымен де танысқан.

"Кейін қыз сөйлесіп жүрген жігіті бұрын некеде болғанын біліп, қарым-қатынасты тоқтатқан. Алайда ер адам бұл шешіммен келіспей, үш айдан аса уақыт бойы қызға қоңырау шалып, хабарламалар жазып, соңынан қалмай қудалауын жалғастырған. Сондай-ақ, жәбірленушінің отбасына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып қорқытқан", - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленуші полициядан көмек сұраған.

"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сталкинг дерегі бойынша екі күдікті ұсталды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз