Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриінің кезекті отырысы өтіп, 3 судьяға қатысты тәртіптік іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның қорытындысы бойынша сот жюриі заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 2 судьяға қатысты ескерту түрінде тәртіптік жаза шығарды.
1 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу жасалған тәртіптік теріс қылық елеусіз болуына байланысты тоқтатылды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ. Өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары сот кеңесіне шағымдануға құқылы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!