Атырау облысының атынан Жайдарманға қатысып, Жоғары Лигага жолдама алған "Құтқарушылар" командасы қазір су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының "Құтқарушылар" командасы тұрғындарды өрт пен судан, кез келген төтенше жағдайдан қорғап қана қоймай, спорттық ойындарға да, мәдени шараларға да белсене қатысып, қоғамдық шараларды да қатар алып жүрген жан-жақты, талапты да талантты жігіттерден құралған. Соның айғағы Төтенше жағдай саласында құтқарушы қызметіндегі олар былтыр Жайдарман ойындарына да қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсеткен болатын.
Еске салайық, 5 тамыз күні Жайдарманның финалдық бәсекесінде республиканың түкпір-түкпірінен жиналған, бүкіл маусым бойы сынақтардан сүрінбей өткен 6 команда бақ сынаған болатын. Ойын қорытындысы бойынша, "Құтқарушылар" командасы Республикалық "Жайдарман" ойындарында вице-чемпион атанып, Жоғары Лигаға жолдама алды.
Алайда еліміздегі су тасқынына байланысты "Құтқарушылар" командасы дәл қазір апаттан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр. Сондықтан олар ойынды келесі кезеңнен бастап жалғастырады.
Командада 7 ойыншы бар: Еркебулан Таскаиров, Шыңғысхан Мұқтасипов, Айтқали Байтүгелов, Мирас Байымбетов, Нұрбол Діңғуатов, Сұлтанбек Сабазов. Олар - iрiктелген бiлiмдi де бiлiктi жiгiттер. Оларға сценарий жазып, бағыт-бағдар беретiн, команда жетекшісі - Бақтықожа Махбазов.
Төтенше жағдаймен бетпе бет келіп, су тасқынымен күресіп жүрген, батыл, ержүрек, намысты жігіттерден құралған "Құтқарушылар" командасына күш-қуат тілейміз!