Мемлекет басшысының ұсынысымен Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат шешімі бойынша Асқаржан Кенжеғарин, Ғазиза Мұсабекова және Бейбіт Шермұхаметов судья қызметінен босатылған. Дмитрий Малаховтың айтуынша, Асқаржан Кенжеғарин мен Ғазиза Мұсабекова өз өтініштері бойынша, яғни отставкаға шығуына байланысты қызметінен кеткен.
"Екі судьяның да 30 жылдан аса тәжірибесі бар", - деді Дмитрий Малахов.
Тағы бір судья Бейбіт Шермұхаметов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылған. Оның сот жүйесіндегі еңбек өтілі шамамен 26 жыл болады, 19 жылдан аса уақыт Жоғарғы сотта жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова