Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Сенат Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Қосмұратовты қызметінен босатты. Мұндай ұсынысты Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары сот кеңесі төрағасының айтуынша, Ерлан Қосмұратов басқа лауазымға тағайындалуына байланысты қызметінен босатылған.
"Құрметті депутаттар, Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов басқа лауазымға тағайындалуына байланысты оны Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауларыңызды сұраймын", - деді Дмитрий Малахов.
Сенат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!