Жоғарғы соттың судьялары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кенесінің төрағасы Денис Шипп 4 судья неге қызметтен кететінін түсіндірді.
"Судья Альфия Савинованы мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы 67-ге жетіп отыр. Бәрінің судьялық қызметте үлкен тәжірибесі бар яғни еңбек өтілі - 26 жылдан 40 жылға дейін. Судья Ербол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалды ", - деді ол.
Сенат депутаттары Денис Шипптің ұсынысын қолдады.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!