- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жоғалып кеткен балықшы...
Жоғалып кеткен балықшы Каспий теңізінен өлі табылды
Із-түзсіз кеткен балықшы Каспий теңізінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жоғалған адам бірнеше күн бойы Каспий теңізінен іздестірілген. 1 тамызда балықшылар ер адамның денесін тапқан.
"Маңғыстаудың бес тұрғыны 29 шілдеде Қарақиян ауданы, Құрық ауылына балық аулауға кеткен. Таңертең ер адамның бірі жоғалып кеткені белгілі болды. Бұл ретте 36 жастағы балықшының заттары жағалауда қалған", - делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, лауазымды тұлғалар, еріктілер, жергілікті тұрғындар, балықшылар мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған.
"30 шілдеден бері Каспий теңізі жағалауындағы Құрық ауылынан жеті шақырым жерде балық аулап жүріп жоғалып кеткен 1987 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. 1 тамыз күні сағат 11:50 шамасында жергілікті балықшылар ер адамның денесін тапты", - деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан