- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жиіркенішті". III Чарльз...
"Жиіркенішті". III Чарльз сиясы аққан қалам үшін ашуланды
Ұлыбритания патшасы III Чарльз сиясы аққан қауырсын қалам үшін ашуланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Бұл оқиғаны Sky News телеарнасы көрсеткен. Монарх Солтүстік Ирландияның Даун округіндегі ресми патша резиденциясы Хиллсборо сарайындағы қонақтар кітабына жазба қалдырған. Ол алғашында күнді дұрыс жазбай, көмекшісінен бүгін қандай күн екенін сұраған. Содан кейін патша қалам қолын бүлдіргенін байқайды.
"О, Құдайым, жек көремін мынаны", - дейді ол видеода.
Сондай-ақ, оқиғаның видеосы BBS News/Русская служба Telegram-арнасында да жарияланған.
Содан кейін ол қауырсынды патшайым-консор Камиллаға беретіні көрінеді. III Чарльздің әйелі қаламның сиясы ағып жатқанын байқаған, кейін жанындағылар қаламды бірден алады. Ал патша сияны қолорамалымен сүртеді.
"Мұндайға шыдай алмаймын... Бұл қашан да жиіркенішті", - дейді ол.
Айта кетейік, II Елизавета 19 қыркүйекте жерленеді. Жерлеу рәсіміне бұрынғы және қазіргі үкімет мүшелері, басқа елдердің мемлекет басшылары мен делегациялары қатысады. Ал патшайым II Елизавета 8 қыркүйекте қайтыс болған еді.
Еске салайық, бұған дейін II Елизаветамен қоштасу рәсімінде күтпеген оқиға болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, Путин II Елизаветаның жерлеу рәсіміне шақырылмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова