- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жиналыста қызметкерлеріне 1,5...
Жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан әкім жазаланбайтын болды
Жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың оқиғасы қалай аяқталғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшіс "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, лауазымды тұлғаға қатысты іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.
Қызметтік тексеру барысында кездесудің нақты күні анықталды. Ол 2022 жылғы 3 сәуірде болған.
"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес қызметтік тексеру жүргізілді. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі комиссия Бәйтерек ауданының әкімі Тоқжанов мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғанын анықтады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне байланысты Тоқжановқа қатысты тәртіптік іс тоқтатылды", - деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілдері.
Ведомство өкілдері "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 45-бабының негізінде тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тағайындалатынын және әкімшілік жауапкершілікке алты ай ішінде ғана тартылатынын түсіндірді.
"Тоқжановтың еңбекке уақытша жарамсыздығы және теріс қылық анықталған кезде еңбек демалысында болғанын ескерсек, тәртіптік жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кетті", - деп түсіндірді департамент өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Желіде жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарағанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек