"Жиналған жұртта есеп жоқ". "Майқайыңалтында" қаза тапқан үшінші құтқарушының жаназасы өтіп жатыр

"Жиналған жұртта есеп жоқ". "Майқайыңалтында" қаза тапқан үшінші құтқарушының жаназасы өтіп жатыр
Фото: Massaget.kz

19 шілдеде таңғы уақытта Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ маңында автобуста жоғалып кеткен құтқарушы Айдос Шаймерденовтің денесі табылған болатын. Бүгін оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денесі алты айдан кейін табылған құтқарушы Айдос Шаймерденді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бастаған шенділер қатысты. Жаназаға жиналған жұртта есеп жоқ.

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Автобустың ішінде төрт адам болды: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабы Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә