Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жиһадқа шақырған.
"Сот сотталушының жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, сот тек бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот Т-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - деп хабарлады Шымкент соттарының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!