Жигули Дайрабаев партиядағы қызметінен босатылды

Жигули Дайрабаев партиядағы қызметінен босатылды
Фото: t.me/mazhilis_kz

27 ақпанда өткен "Ауыл" партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында Жигули Дайрабаев партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, бұл шешімді партияның саяси кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдаған.

Жигули Дайрабаев - 2023 жылдан бастап "Ауыл" партиясынан VIII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Дайрабаев туралы не белгілі?

Айта кетейік, депутат Қазақ ауылшаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әртүрлі қызметтер атқарған:

2015-2019 жылдары - "Қазақстан фермерлер одағы" ҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы;

2019 жылы желтоқсаннан бастап "Қазақстан фермерлер одағы" ҚБ президенті;

2020 жылы маусымнан бастап Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;

2022 жылғы маусымнан бастап "Атамекен" Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешенінің комитет төрағасы;

2022 жылы желтоқсаннан бастап "Ауыл" ХДП төрағасының орынбасары (партияның 2022 жылғы 23 желтоқсандағы съезінде сайланған);

2021 жылы Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

Жалпы еңбек өтілімі 52 жылдан асады, оның 49 жылы басшылық қызметте.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget