Жиі трагедия болады: Қазақстанда көп адам қаза тапқан тасжолдар қайсы?

2025 жылы Қазақстанда көп адам қаза тапқан тасжолдар қайсы? Бұл сауалға "ҚазАвтоЖол" жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, жол апаты туралы дерекке тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіліп отырады.

Мәліметке сүйенсек, тоғыз ай бойынша тізімде мына учаскелер бар:

  • РФ шекарасы (Жайсан бекеті) - Мәртөк - Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент (солтүстік айналма жолымен) - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас  - (Нұр жолы бекеті) - 109 адам қаза тапты;
  • Астана - Қарағанды тасжолы (айналма жолмен) - Алматы - 85 адам қаза тапты;
  • Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха тасжолы - Ресеймен мемлекеттік шекара (Үбі өткізу бекеті) - 55 адам қаза тапты;
  • Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы (айналма жолмен) - Ресеймен мемлекеттік шекара (Қайрақ өткізу бекеті) - 28 адам қаза тапты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!