ЖИ көшіруге жол ашты: Еуропа ауызша емтиханды қайта енгізбек

ЖИ көшіруге жол ашты: Еуропа ауызша емтиханды қайта енгізбек
Фото: gov.kz

Данияда жоғары сынып оқушылары жасанды интеллект көмегімен көшіруіне тосқауыл қою үшін жаңа ережелер енгізілмек. Енді оқушылар үйде орындайтын барлық емтихан жұмысы міндетті түрде ауызша қорғалуы керек. Бұл талап жоғары сынып оқушылары бір немесе бірнеше таңдаған пәні бойынша жазатын көлемді қорытынды жұмыс - SSO-ға да қатысты болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Европульс" басылымына сілтеме жасап.

Мектептерге жазбаша жұмыстарды сыныпта жиірек өткізу де ұсынылды. Осылайша мұғалімдер оқушының тапсырманы қалай орындап жатқанын көріп, қажет кезде бағыт-бағдар бере алады әрі оның білімін дәлірек бағалайды.

Даниялық оқушылар емтиханды электрон құрылғылар арқылы тапсырудан да біртіндеп бас тартып жатыр. Былтыр ағылшын тілі емтиханында жауаптарын қағазға жазуға тура келген.

Алда қағаз форматындағы емтихан басқа пәндерге де енгізіледі. 2028 жылдың жазынан бастап шет тілдері бойынша жазбаша емтихандар толық немесе ішінара қағаз жүзінде өтеді. Мұндай шешім испан тілі бойынша жүргізілген тәжірибеден кейін қабылданған. Министрлік қолмен жазылған тапсырмалар оқушының нақты білімін жақсырақ бағалауға әрі көшіру мүмкіндігін азайтуға көмектеседі деген қорытындыға келген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget