Жасанды интеллектінің көмегімен жасалған алғашқы қытайлық толықметражды фильм прокатта сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Massaget.kz Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Фильм туралы не белгілі?
"Саньсиндуй: Болашақтың өткені" фильмі 23 қазанда прокатқа шықты.
Алдын ала бағалаулар бойынша, ол небәрі 198 мың доллар (шамамен 89,9 миллион теңге) жинаған. Салыстырмалы түрде айтсақ: оның өндірісіне 10 миллион юаньнан астам (шамамен 1,5 миллион доллар / 680 805 000 теңге) жұмсалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фильмнің ерекшелігі неде?
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, туындының үстінен екі жылдан аса уақыт бойы 100-ге жуық адам жұмыс істеген. Бұл ретте жасанды интеллект тек арнайы эффектілер жасау үшін емес, сонымен қатар барлық кейіпкерді, олардың дауыстары мен декорацияларын генерациялау үшін де қолданылған.
Фильмнің ұзақтығы – 100 минут. Сюжет бойынша жасанды интеллект бүкіл әлемге таралып, адамдар планетаны басқаруды алгоритмдерге тапсырады. Нәтижесінде адамзат ауқымды дағдарысқа тап болады.
Продюсерлік компания бұл туындыны ірі нарықта толыққанды кең прокатқа шыққан және кассалық алымдары туралы ресми мәліметтері бар алғашқы толықметражды ЖИ-фильм деп атады. Алғашқы күні ол 10 мыңнан аса сеанста көрсетілді.
Алайда көрермен жаңа туындыны суық қабылдады. Продюсерлік компанияның басшысы Цзян Дефу бұл жобаны киноиндустрия үшін маңызды эксперимент деп атады.
БАҚ мәліметінше, кейбір көрермендер мұндай фильм үшін ақша төлеуге дайын емес екенін мойындаған, өйткені оны тірі актерлер ойнаған картиналардан нашар деп санайды.
ЖИ біртіндеп үлкен киноға еніп жатыр
Қытай фильмі - жасанды интеллектіні қолдану арқылы жасалған жалғыз толықметражды жоба емес.
2025 жылдың мамыр айында Үндістанда 95 минуттық "Сені сүйемін" атты ЖИ-мюзиклі жарық көрді. 2026 жылдың қаңтарында Малайзияда "Қарақшылар патшайымы: Чжэн И Сао" фильмі таныстырылды.
АҚШ-та жасанды интеллектінің көмегімен жасалған "Құдайлар сыйлық бермейді" атты ғылыми-фантастикалық картинаның шектеулі прокаты 2026 жылдың 4 желтоқсанына жоспарланған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай