Әлеуметтік желіде танымал әншілер Райм мен Ерке Есмахан ажырасып кетті деген ақпарат тараған еді. Ерке бұл қауесетті жоққа шығарып, бәрі жақсы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, күйеуі әлеуметтік желіде бұрыннан ешкімді оқымайды.
"5-ақ күн инстада болмап едім, неғып жоқ жерден у-шу, өсек, күйеуіміз екеумізді ажырастырып тастағансыздар? Құдай сақтасын! Туысқандар, достар жәймендеееп звондап сұрайды ғо, "бәрі жақсы ма" деп. Жігіт пен қыз кезде ұрысу дегеннен бас тартпай, оой әкететін едім тоқтай алмай. Неке қиып, жанұя болғалы ұрысу дегенді ұмыттық, құндылық қазір басқа. Алла тіл-көзден сақтасын! Райм бұрыннан инстада ешкімді оқымайды, 0 боп тұрады. Тіпті мені де оқымайды. Сосын мен де оны оқымаймын. Жігіттің артынан жүгірмеймін, ышша. Сондықтан жоқ жерден жаңалық жасап керек емес! Біздің ажырасуды армандап жүргендерге айтарымыз, біреуге бақытсыздық тілегенше, өздеріңізге бақыт тілеңіздер", - деп жазған әнші әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Желіде бұған дейін Raim мен Еркенің арақатынасы туралы ақпарат тараған болатын. Олар 2019 жылы да кездескен. Сондай-ақ, өнерлі жұп биыл неке қиды. Сырға салу рәсімі де өтті. Сондай-ақ, кейінірек заңды некелерін қарапайым түрде қиғанын жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!