- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жігіттікке жатпайды". Хит...
"Жігіттікке жатпайды". Хит әндердің сөзін жазған ақын Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді
Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовқа ренішін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғазизхан Шекербековтің жеке есеп беру концертінде Ершат Қайболдин өлең оқыған сәтінде Тұрсынбек Қабатов артында тұрып, ақынды мазақ қылған.
"Артынан күлу деген мұсылмандыққа да, жігіттікке де жатпайды деп ойлаймын. Сол бағдарламаға шыққан кезде Тұрсынбектің олай істегенін білмедім. Кейін теледидардан көрсеткенге ғана білдім. "Абыройымды көтеріп, екеумізден де батыстанбыз ғой, өзі секілді қой бағып өскені інісіміз, жұлдызымды жағып жібере ме" деп ойлап едім. Өзім көңілшек адаммын. Мұқағалидың айтатыны бар ғой, "жылап қайттым өмірдің базарынан" деп, сол секілді "жылап қайттым Ғазизханның концертінен". Біреуге ренжісем, ешқашан бетіне барып "мен саған ренжідім" деп айтпаймын. Өлең жазып, ішімнен шығарып тастаймын", - деді ақын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы