Танымал әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі туралы сұраққа жауап беріп, махаббатқа қатысты ойын білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен болған сәтсіз некеден кейін жаңа қарым-қатынас құрудан қорқып қалғанын да жасырмады.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Сіз ажырасқалы махаббатқа сенбей қалдым", – деп әншінің желідегі оқырманы хат жазыпты.
Әнші болса өткен өміріне өкпесі жоқ екенін айтып, махаббатқа сенетінін жеткізген.
"Мен махаббатқа сенемін. Бірақ жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар", – деді ол.
Айта кетейік, әнші Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевпен заңды түрде ажырасқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!