Актриса Жарқын-ай Ханайым Желідегі парақшасында ҚазҰУ-дағы "пәк қыздардың тізіміне" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жігіттердің де тізімін жасау керек.
"Қыздың тағдыры - қылдай!
ҚАЗГУ-дың тізімінен кейін менің түйгенім!
Онда игроман, наркоман, психологиясы тұрақсыз, әке бола алатын, әр түрлі күйеу бола алатын жігіттердің тізімін жасаңыздар! Біз де таңдайық! Қыздарымызды біліп берейік! Біліп тиейік!" - деп жазған актриса.
Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттерінің медициналық жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.
Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытындылар да жазылған.
Университет әкімшілігі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Толықтауыштың түрлері
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз