Жігітті ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған алматылық оқушы қыздар кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны NeMolchi қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
"Мен қателігімді түсіндім. Мен теріс қылығым үшін кешірім сұраймын. Марат пен оның анасынан кешірім сұраймын!" – дейді оқушы қыздардың бірі.
Еске сала кетейік, 26 мамырда әлеуметтік желіде жігітті ұрып-соғып жатқан видео жарияланған болатын. Кадрларда мектеп бітірген екі қыз жігітті қатты ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп жатқаны көрінеді.
Алматы полиция департаменті өкілдері бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!