- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жігітті анасына қарсы...
"Жігітті анасына қарсы қою емес пе?" Жазира Байырбекова "мамасының балалары" туралы ойын айтты
Әнші Жазира Байырбекова Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қолдап, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүрген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Соған байланысты болуы керек, Жазира Байырбекова "мамасының баласы" деп мазақ етпей, қоғамды түсіністік танытуға шақырды.
"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме?! Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жәй ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам ...", – деп жазды әнші.
Жазира Байырбекованың бұл жазбасын көпшілік қолдай кетті. "Қайын жұртын құрметтейтіндерді күшік күйеу деп мазақтайды" деп жазды бір оқырман.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева