Алматыда 27 жастағы блогер Айлуна Рахим 11 маусымда өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Марқұм қайтыс болар алдында хат жазып қалдырған. Бұл туралы блогердің достары NeMolchi.kz қорына үндеу жолдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марқұм өліміне кінәлі жігіт туралы хат жазып қалдырған.
"Немолчикз-ке 27 жастағы Айлуна Рахымның құрбылары жазды. SMM болып жұмыс істеген Айлунаның ата-анасы жоқ, қамқоршы апайынан бөлек тұрған. 11 маусым кешкі сағат 7-де оның денесі табылды. Суицид жасаған блогер қыз өліміне бір жігітті кінаәлап, хат жазып қалдырған. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скриндер және хабарлама бар. Қарым-қатынаста проблемалар болғаны анық. Алматы полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз", - деп жазды.
Қор мүшелері қызға қолдау жетіспегені туралы жазды.
"Достар, жақындарыңызды, өзіңізді қиын жағдайға душар етпеңіздер. Қазір адамдардың жүйкесі жұқарған, шаршаған. Осындай әдемі, нәзік қыз қайтыс болды. Оған жай ғана қолдау жетпеген. Сондықтан бәріңізден мұқият болуды сұраймыз", - деп жазды қор мүшелері.
Суицид бойынша статистикада Қазақстан 2023 жылы 178 елдің ішінде 19-орынды иеленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!