Ақтөбеде сүйіктісімен сөз байласып, өз анасын өлтірген қыз 9 жылға сотталды. Ал сүйіктісі соңғы сөзінде өздеріне мүмкіндік беруді, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырмауды және үйленулеріне көмектесуді сұрады, - деп хабарлайды "Диапазон".
16 жастағы мектеп оқушысы мен оның 18 жастағы сүйіктісі арасындағы махаббат оқиғасы кісі өлтірумен аяқталды. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот қызды анасын өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмысты жасаған сүйіктісі 15 жылға сотталды.
"Қызымның анасын өлтіру ниетіміз болған жоқ, біз бұл туралы тіпті ойламадық. Мен қарапайым және бақытты өмір сүргім келеді. Көкшетауда туып, мектепті үздік бітірдім. Біз қылмыскер емеспіз, біз әлі өмірді көрмеген баламыз. Соттан бізді ұзақ жылға бас бостандығымыздан айырмауыңызды сұраймын. Мен ауыр жағдай екенін түсінемін және сот қандай шешім қабылдаса да, оған үйленемін", - деді ер адам соңғы сөзінде.
Бұған дейін 40 жастағы әйелді өлтіргені үшін екі адам сотталып жатқаны белгілі болған еді. Олар - 16 жастағы қыз және оның сүйіктісі. Бірінші отырыста 18 жастағы айыпталушы сүйіктісінің қылмысқа қатысы жоғын, бәрін өзі жасағанын айтқан еді. Бірақ екінші отырыста ол кенет айғақтарын өзгертіп, қыздың өзі анасын бірнеше рет пышақтағанын айтқан.