Танымал журналист Анна Данченко жігіттер қауымы қыздарды қалай сынайтынын айтып, қызық оқиғасын баяндап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлік жууға келген журналист ыстық шәй ішіп отырып әлеуметтік желідегі оқырмандарына қызық әңгіме айтып берді.
"Суық сусындарға аса жоқ екенмін. Ал ыстық күнде ыстық шәй деген таптырмайтын дүние", - едп бастады ол әңгімесін.
Одан кейін бұрынғы жігітімен кездесіп жүргенде жігіті оны қалай сынамақ болғанын баяндады.
"Бұрынғы жігітім мен өзінше, мейрамханаларға ғана барады деп ойлапты, сөйтіп, жолдағы кішкентай кафеге соғып: "Жүр, тамақтанайық", - едді. Мені: "Ой, фуу, жоқ!", - деп айтады деп күткен ғой. Ал маған дәмді тамақ пен отыратын жер таза болса болды", - деп күлді Анна Данченко.
Журналист қымбат-арзан екеніне қарамай, қасындағы сүйген адамымен барлық жерге баруға дайын екенін де жасырмады.
"Шындығында алғашқы кездесуге бәріне дайынмын. Қасыңдағы адамға да байланысты ғой. Көшеде бәліш жеп жүре беруге болатын адамдар болады, ал кейде ең қымбат мейрамхананың өзіне жаныңа жылу сыйлай алмайды", - деп жазды журналист желіде.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!