Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі басы бос екенін айтты.
"Жанымда бол!" Бұйырса 20.06. күні клиптің тұсау кесері. "Жігітіңе арнадың ба?" деген сұрақ тым көп! Жігітім жоқ! Басым боп-бос! Мәтінді тыңдасаңыз, ән әр жақыныңызға лайықты! М/ы: дәл осы сәтте, бұл әнімді әпкеме арнаймын!" - деді әнші.
Желі қолданушылары әншіге бақыт тіледі.
"Мөлдір бақытты болшы", "Әйел бақытын тілеймін!", "Тек алға", - деді олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші екінші некесі туралы бар шындықты жайып салған еді. Оның сөзінше, екінші күйеуінің төртінші әйелі болып шыққан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!