Кеше әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәліге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалған еді. Ол Instagram-парақшасында сүйіктісі жайлы ақпарат айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге сүйенсек, оған Ернар Мұсабай есімді ер адам ұсыныс жасаған.
"Жігітім жайлы бір ақпарат болсын. Ешқандай да хоккейші емес. Хоккейші деген тақырып осымен жабылсын. Стадионда ұсыныс жасағанынан қандай спортпен айналысатынын біле аласыздар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қарындасына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасалғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!