Жақында ғана Кореяға барып келген Қайрат Нұртастың қызы Сезім сол елден күйеу бала тапқан сияқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сезімнің анасы Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Сезімге Корей елі ұнапты. Бірнеше университеттермен танысып қайтты. Әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ. Танысу, таңдау жасап жатыр", - деп жазды Қайрат Нұртастың бұрынғы әйелі.
Кейін балаларының қауышу сәтінен видео жарилап, "бір-бірін әбдене сағыныпты" деп сүйсінтіп қойды.
Содан кейін қызы Сезімнің корей жігітімен түскен фотоларын жариялап: "Жігітім бар дейді" деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Бірақ қызы сезім бұл суреттердегі жігіттің манекен екенін айтып, бір күліп алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!