- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жігітке қымбат сыйлық...
Жігітке қымбат сыйлық беру дұрыс па?
Ер адамға қымбат сыйлық беру қоғамда дұрыс емес нәрсе секілді саналады. Бұл шынымен де солай ма? Психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында осы жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әдетте қызға күтім жасау, оның көңілін табу, оған қымбат сыйлықтар беру қалыпты нәрсе. Ал қыз жігітіне қымбат сыйлық берсе, оның бұл әрекетін сынайтындар табылады. Сүйіктісінен қымбат сыйлық алған жігітті альфонс деп те атап жатады.
Оған қоса, әлеуметтік желілердегі коучтардан мынадай сөзді жиі естуге болады: қымбат нәрсе сыйласаң, энергия алмасуды бұзасың, оның ер адамға тән қасиеттері жоғалады.
Бұл тағы бір стереотип пе әлде ер адамға қымбат сыйлық беруге бола ма? Бұл сұраққа психолог Михаил Лабковский жауап берді.
Тіке сұраған дұрыс
Маманның айтуынша, ер адамға қымбат сыйлық беруге бола ма деген сұраққа барлық жағдай үшін бірдей және әмбебап жауап жоқ. Оның жалғыз дұрыс жолы - нақты ер адамнан мұндай ниетіңізге қалай қарайтынын тіке сұрау.
Егер тосынсый жасағыңыз келсе, қандай сыйлық екенін айтқыңыз келмесе, былай сұраңыз: "Жалпы менің саған қымбат сыйлық бергеніме қалай қарайсың". Ал егер ол тосынсый болмаса, ол зат жайлы сұраңыз. Сол кезде нақты және түсінікті жауап аласыз.
Өзін ыңғайсыз сезінетін ер адамдар бар
Адамдар әртүрлі. Әйелден қымбат сыйлық алып, өзін шынымен де ыңғайсыз сезінетін ер адамдар бар. Сондай-ақ сыйлықтың бағасына аса мән бермейтін, сүйіктісінің ниетіне қуанатын ер адамдар бар. Бұл екі жағдай да қалыпты.
Егер сүйіктіңіз екеуіңізге бәрі ұнаса, бір-біріңізге сыйлық беріп, ол сіздерді мазаламаса, қарым-қатынаста ештеңе өзгертудің қажеті жоқ және жан-жақтағы адамдардың сөзіне мән бермеңіз.
Оқи отырыңыз: Қыздар, сақ болыңдар! Сараң жігіттің бес белгісі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова