Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан "қойшы бала" Айдос Кәден жаңа продюсерін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдос қазір 11-сыныпта оқиды. Бүгінгі таңда оның продюсері ауысқан. Ол Қанағат Меченбай атты продюсермен жұмыс істей бастаған.
"Туысқан інім болғаннан кейін ары қарай өзім қолыма алып, бірге жұмыс істейтін боламыз", - дейді Қанағат Меченбай.
@aakbobek♬ оригинальный звук - Akbobek🌸
Айта кетейік, бұған дейін әнші Жігер Ауыпбаев қойшы бала - Айдос Кәден қайда кеткенін айтқан болатын.
"Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын. Себебі мен қойшы баланы үш жыл бұрын жайлаудан Алматы қаласына алып келіп, үйімнен орын беріп, мектебін жайғастырып, оқуын реттеп, продюсері болмасам да ұстазы ретінде қайда барсам бірге ертіп жүрдім. Ол менің балам емес, ата-анасы бар дегендей.
Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан болатынмын. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар", - дейді әнші Хабар like бағдарламасына берген сұхбатында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!