ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Самат Құсетов адам саудасына қарсы жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство жедел профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырған. Нәтижесінде мәжбүрлі еңбек, жыныстық қанау және ағзаларды сылып алу сияқты адам саудасына қатысты 80 қылмыс тіркелген.
Құқық қорғау органдары адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатқан. Оның бірі Алматы мен Шымкент қалаларында әрекет еткен.
"Қылмыстық топ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды іздеп, жалдаумен айналысқан. Олардың атына оң кредиттік тарих қалыптастырып, кейін қымбат көліктерді рәсімдеу және оларды сату мақсатында пайдаланған. Бүгінде ұйымдастырушылар ұсталып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Самат Құсетов.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға және жыныстық сипаттағы қызмет көрсетуге үй-жай бергендерге қатысты 758 әкімшілік іс қозғалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова