- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанға жаңа әкім...
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Ұлытау облысы әкімінің өкімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Жезқазған қаласының әкімі қызметіне Қайрат Шайжанов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Қайрат Шайжанов 1977 жылы 22 Шілдеде Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген. 2009 жылдан 2013 жылға дейін Сәтпаев әкімінің орынбасары болған. 2015 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.
Ж. Қадыржанова