Жезқазғандағы №3 мектептің "Жас сақшы" сыныбының оқушылары танымал "Рух" әнін өз нұсқаларында шырқады. Балалар бейнебаяндарында жол қозғалысы ережелерін, қоғамда тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, олардың құқықтық санасын нығайтуға бағытталған бастамасының бір бөлігі болды.
Биыл ведомство қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерінің есімін ұлықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Республика мектептерінде "Жас сақшы" полиция сыныптары мен алғашқы әскери дайындық кабинеттері ашылып, онда қаза тапқан қызметкерлердің есімдері беріліп жатыр.
Аталмыш бастама оқушыларға құқық қорғау органдарындағы қызметтің маңыздылығын түсінуге көмектеседі, сонымен қатар заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 110 "Жас сақшы" сыныбы жұмыс істейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз