Жезқазғандағы ЖЭО-да апат болып, оның жұмысы тоқтап қалды. Бұған қатысты қала әкімі Қайрат Шайжанов түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура байқалады, яғни қалыпты 73 градустың орнына, 63 градус.
"Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады №6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты-түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде. Осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді, ЖЭО таңертең 10.00-де 5-қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз