Жезқазғанда зейнеткер немересімен пәтерде қамалып қалды

ТЖМ құтқарушылары қамалып қалған әжейге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жезқазғандағы көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінің балконында 1956 жылы туған әйел адам немересімен қамалып қалып, құтқарушылардан көмек сұрады. 

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3-қабаттың балконынан 2-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен кіріп, есікті ашуға көмектесті.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!