Жезқазғанда түн ішінде салют атқан адам жауапқа тартылды

Жезқазғанда түнгі уақытта салют атқан адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері түнгі сағат 01:00 шамасында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған адамды анықтады.

Құқық бұзған тұрғынға қатысты хаттама толтырылып, ол жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!