Жезқазғанда түнгі уақытта салют атқан адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері түнгі сағат 01:00 шамасында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, тұрғындардың тыныштығын бұзған адамды анықтады.
Құқық бұзған тұрғынға қатысты хаттама толтырылып, ол жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова