- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жезқазғанда полиция көлігінде...
Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қайтыс болды
Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жезқазғандық полицейлер алкоголь ішкен ер адамды полиция көлігімен медициналық тексеруге алып бара жатқан. Жолда ер адам қайтыс болды.
Ұлытау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторлары әйелі телефон соққаннан кейін мас ер адамды үйінен алып кеткен. Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын айтып шағымданған. Медициналық мекемеге бара жатқанда ер адам аяқ асты ауырып, қайтыс болды.
Сот-медициналық сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.
"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінен ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады", - деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан