Жезқазғанда полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

Жезқазғанда полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видео кадры

Жезқазғанда полиция талабына бағынбаған мас жүргізуші 35 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеңгір селосында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті тоқтатпақ болған. Алайда 20 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, ізін суытқысы келген.

Ер адамды тексеру барысында оның масаң күйде болғаны, көлік басқаруға құқығы жоқтығы және бұл құқықбұзушылықты қайталап жасағаны анықталған.

"Құқық бұзған адам сот шешімімен 35 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деді ІІМ өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget